
Ұшты-ұшты
Жүргізуші ойыншыларды бір қатарға тұрғызады да, ойынның тәртібін түсінді- реді. Ойын басталғанда жүргізуші бала- лардың бәрін түгел көріп тұруы тиіс.
Ойын жүргізуші: «Ұшты-ұшты, бөдене ұшты!» – деп, қос қолын жоғары көтереді. Оны тыңдап тұрған ойыншылар, ереже бойынша ұшатын нәрсеге қосыла қол- дарын көтеріп, ұшпайтын нәрсеге қол- дарын көтермеуі тиіс. Яғни, «бөдене ұшты» дегенде бәрі қолдарын жоғары көтеруі керек. Егер кім қолын көтермей қалса, сол ортаға шығып өнер көрсете- ді. Ал ұшпайтын затты айтқанда, мысалы:
«Ұшты-ұшты, бөрік ұшты!» – дегенде, кім қолын көтеріп қойса, сол айыпты болады да, өз өнерін көрсетеді.
Негізінен жүргізуші ұшатын зат пен ұшпайтын затты ұйқастыра айтып, ойын- шыларды жаңылдыруға тырысады. Мы- салы, ұшты-ұшты кекілік ұшты, артынша, ұшты-ұшты кекіл ұшты, немесе, қарға ұшты – сырға ұшты, көбелек ұшты – ебе- лек ұшты, тауық ұшты – уық ұшты, қар- шыға ұшты – қанжыға ұшты... Сондай- ақ жүргізуші кілең ұшатын нәрселерді қайта-қайта айтып келе жатып, балалар салғыртси бастаған сәтте, аяқ астынан ұшпайтын затқа ауысып кетуі мүмкін.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter