Өлеңдер ✍️
Қыз мұңлық
Әр кездің, әр сәттің бар өз кезегі.
Не екен ау жігіттің көздегені?
Қымыз ішіп, қызды да айттырдың ғой,
Ал бүгін қасыңда жүр іздегенің.
Бір гүлді бақытты еттің, бағын аштың.
Басқаның, басқа жігіт бағын ашсын.
Балаға, әке керек, ана керек,
Ал бала, жауһары ғой шаңырақтың.
Сен оны, ол сені де ұнатқанда,
Сүрінбе, тағдыр жолы құлап қалма.
Қыздың жасы ұрмасын, не ұтасаң,
Түздегі, үйдегіні жылатқанда.
Тағдырың ба, әлі де сыналасың.
Сынақ тірлік, түбінде сұраларсың.
Қара көз жігіттердің құшағында,
Қаракөз қыздарымыз жыламасын.
Ұят ау, түнді кезіп елпілдесем.
Жел көтерген етектей желпілдесем.
Сыйымнан бір ақ күнде ажырармын,
Өзім білем, өз ойым, еркім десем.
Қойдық қой, жиыстырып, жорытпаймын.
Желкілдеген аға көп, соны ұқпаймын.
Баламнан ұяламын, өсіп қалды,
Болмаса әйелімнен қорықпаймын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter