Өлеңдер ✍️

  17.08.2022
  121


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Сезім иірімі

Жүргенде жүректе мұң, ойда қайғы.
Барыңды қөрсеқызар олжалайды.
Барында бағалайын бақытымды,
Тап сендей мені ешкім ойламайды.
Жыламашы өкпелеп, өтінемін.
Нан піскен жандар да көп көкірегі.
Тұнығыңды былғайды көргенсіздер,
Қадіріңді қадірсіз кетіреді.
Өзіңменен жарқырар көкте күнім,
Тарихын ақтармашы өткеніңнің.
Гүл сыйлаған арулар, тас атып жүр,
Содан бәлкім мен бүгін өкпелімін.
Сезім сыры тыңдашы құлақ түріп,
Өмір тылсым,
жүрерміз құлап, тұрып.
Жақсы көрген жаным ең, амал қанша,
Бақытты бол,
Тілеймін жылап тұрып.
Жолықтыра алмадым сені күзде,
Ойлап едім жаным деп, егізім деп,
Сен де мені бір күні аңсарсың-ау,
Өтермін менде қимай сені іздеп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу