17.08.2022
  1574


Автор: Айткүл Сәулебаева

Арыстан мен кісі

Бір адам жасынан аң аулап күн көреді екен. Бір кезде ауын бір ағаштың түбіне құрып қойып жүрсе, қапыда арыстанға кездеседі. Арыстан:
– Ей, адам! Кездеспей жүр едің, бері кел, құлақ сал сөзіме, сенің істегеніңнің бәрі қиянат көрінеді, маған сырттан қайрат ететін көрінесің, күшің артық болса құтыл менен, аузыма бір-ақ салайын ба?
Адам айтады:
– Сенен күшім артық болмаса да сенімен айтысамын, егер күшті болсаң анау жерде менің құрып қойған бір нәрсем бар, содан өт, егер де өтіп кетсең мені жеп-ақ қой, арыстаным, – дейді.
Арыстан:
– Айлаңды көріп тұрмын, әуелі өзің өтші, – дейді. Адам аудың астынан өте шығады. Арыстан өтемін деп бар пәрменімен секіргенде торға барып оралады. Сөйтіп, адам айласымен арыстанды торға түсіреді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу