Ертегілер ✍️
Ертегілер ✍️
17.08.2022
11339
Түлкі мен құмыра
Бір әйел далаға егін ора келіп, құмырасын сүтімен шөптің арасына тығып қояды, бұны түлкі көреді де жасырынып келіп, құмыраның ішіне басын тығып, сүтті ішіп қояды. Енді түлкі құмырадан басын шығара алмай әлек болады.
Түлкі:
– Әу, құмыра! Біраз ойнадың жетер, жібер менің басымды? – дейді.
Қалай жұлқынса да басын шығара алмады. Түлкі ашуланып, қап бәлем, тұра тұр, жақсылықпен қалмасаң, сені суға батырармын деп жүгіріп келіп, өзенге құмырамен өзі де бірге батып кетіпті.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter