16.08.2022
  1451


Автор: Айткүл Сәулебаева

Қасқыр мен қозы

Қасқыр судың жоғарғы жағында, қозы төменгі жағында тұрып су ішеді. Қасқыр қозыны жегісі келіп, бір айла іздей бастайды.
Қасқыр қозыға айғайлап:
– Мен ішетін суды неге былғадың! – деді. Қозы:
– Қасеке, мен қалай сен ішетін суды былғаймын. Сен судың жоғарғы жағында, мен төменгі жағындамын, мен ішкен су саған бармайды ғой, – деді.
Қасқыр тағы айғайлап:
– Сен өткен жылы менің әкемді қорлағансың, – деді.
– Қасеке, мен қалайша сенің әкеңді қорлаймын, өткен жылы тумаған да едім. Қасқыр ашуланып:
– Әдепсіз, неге қарсы сөйлейсің! – деп, қозыны сол қалпында жеп қояды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу