Ертегілер ✍️
Ертегілер ✍️
16.08.2022
1388

Түлкі мен жолбарыс
Бұрынғы уақытта түлкі мен жолбарыс жолдас болыпты. Екеуі бір жардың басына келіп қоныпты. Жолбарыс айтыпты:
– Мен мына жардан құлап кетермін, сен түлкі, менен төмен жат, – депті.
Сөйтіп, түлкі жолбарыстың аяқ жағына жатыпты. Жолбарыс ұйықтап қалғанда, түлкі жолбарыстың үстіңгі жағына шығып жатып:
– Әй, жолбарыс, мені басып кеттің, арырақ жат! – депті. Жолбарыс жылжи бере, жардан құлап кетіпті. Құлап барып, өліп қалыпты.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇