file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  15.08.2022
  184


Автор: Бауыржан Үсенов

КЕКІЛІКТЕР БИІ

Қақ, қақ-қ, қақ...
Кекіліктің қоразы сайрап берді,
Қара үйге ендім, қаңтарып Тайлақкерді.
Ірге жақтан түрулі самал есті,
Алдымызға қымыз бен қаймақ келді.
Кекіліктің қоразы бір тынбады,
Үй алдында самауыр бұрқылдады.
Саба пісуге тұрған бұратылып,
Келіншектің мықыны бұлтылдады.
Қызыл мойын кекілік сайран берді,
Самал таудан бір бұлтты айдай келді.
Арқа-жарқа аңғарды бейбіт жатқан,
Тентек нөсер тасырлап жайлайды енді.
Кекіліктер сезе ме ауа райын,
Жұтып қойды көлеңке тау арайын.
Үй алдында керіліп келіншек тұр,
Шашын жуған жаңбырға Хауадайын.
Кекіліктер қиқуы сап басылды,
Кемпірқосақ керілді қақпа сынды.
Жал құйрығы сусылдап, оқыранып,
Дүр сілкініп, белдеуге ат қасынды.
Шапқылап кеп жас шопан аттан түсті,
Шешті қанжығасынан атқан құсты.
Осы таудың иесі сол – Адам ата,
Билігі бар қолында Хақтан күшті.
“Аң мен құсты адамның азығы де,
Қуыр”,– деді дастарқан мәзіріне.
Қақ-қақ етіп, тас жайлап, шие терген,
Кекіліктің бір буда жазығы не?
Қонақ тұрды...
Шайқады жел теректі,
Қуырдаққа қарамай ерте кетті,
Кекіліктің мамығын жұлып жатқан,
Келіншектің жанары мөлтең етті...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу