Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
15.08.2022
82
Көктем кешi
Көкiректен, Өлең, саулап құйылшы!
Тәубә! Тәуба!
Қызықты осы бұйыршы.
Нұрын шашып,
Гүлiн шашып түстiктен
Көктем көшiп келе жатыр –
Сүйiншi!
Келе жатыр бiр жыл салып араға
Жаңғырып тұр жан-жүрек те, сана да!
Көктем көшiп келе жатыр қалаға,
Көктем көшiп келе жатыр далаға.
Көңiл-шiркiн құс боп көкке ұшады.
Ұмытпастан мұң мен қайғы құсаны.
Күмбiр-күмбiр үнге толы кеудесi,
Қызыл, сары гүлге толы құшағы.
Жеттiм бе деп бiреулер жүр «тобалап»
Қозы, қойын бiреулер жүр қоралап...
Аспан асты салдыр-гүлдiр
Бейне бiр
Кеткен-сынды бос күбiлер домалап.
Бұрқырайды буы шығып бөктердiң.
Сол бөктерге гүлдер төгiп кеткен кiм?!
Аспандағы ауыр қара бұлттар
Жүктерi мен теңдерiндей көктемнiң.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter