Өлеңдер ✍️

  14.08.2022
  312


Автор: Қажытай Ілиясұлы

ЖОЛ АЛДЫНДА

Жатайын ба, үйімде жатпайын ба,
Кетсем қайтер, сыңсыған ақ қайыңға?
Жирен құлын секілді жыр шумағын,
Көзіңді ашып-жұмғанша таппайым ба?!
Уақиға үйіріліп ұлу жылғы,
Басқа ермек көрінбей тұр шыбын құрлы.
Сағал атпен көсілтіп көкпар қуған.
Күрең жон көңілімді шұғыл бұрды…
Шағыңда қас-қабақтың тас түйілген,
Шабытым қамшы емес пе ең басқа үйірген?!
Қырмызы қызыл түлкі өлең болса,
Аңшымын ғой қадалған аш бүйірден.
1969 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу