Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.08.2022
111

Түн жылайды екен
Тұнжырайды екен,
Түн жылайды екен,
Шын жылайды екен,
Қарасам.
Ол бекер екен – арманды Айға баласам,
Қорқыныш екен буланған бозғыл сәулесі....
Қарасам.
Қаралы түнде қайғыны күллі жинаған,
Жасындай көздің жұлдыздар төмен зулаған.
Жұбату таппай өзіме, мұңлы түніме,
Қиналам.
Түнменен тылсым түнекке сіңіп мұңдылар,
Ішіңде бір үн үреймен түрлі шыңғырар.
...Күнәһар әлем күйдіріп жүзін, күн өлсе,
Түн жылар.
Жоқтауын түннің естіген жүрек егілер,
Қасірет желі кеулеген кеудең сөгілер.
Түн сырын ұққан тіршілік иесі тіріліктен
Жерінер.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇