Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.08.2022
75
Жүрекке – жәбір, жапсырып жаныңа нала...
Жүрекке – жәбір, жапсырып жаныңа нала,
Жаңылыс аяқ бастың-ау тағы да, бала...
Кешірер, мүмкін, кешірмес,
Ол – оның ісі,
Ұятыңды ұғып, алдымен арыңа қара!
Теңізді кешіп тобықтан, шайқалып ерен,
Шараптың буы, шайтанның айтағыменен;
Әкеңнің құны кеткендей әп-әйдік жанда,
Әңгірлеп едің әңгүдік айқайыменен.
Ал, енді бүгін тозаққа тірідей түсіп,
Көбікті мұңды кеудеде күбідей пісіп;
Өзіңді қойшы, өзгенің өкпесін ойлап,
Солдырдың сорлы жүректі сірідей қысып!
Жападан-жалғыз,
Жан-жақта елегіз толы...
Жапырақ төсеп жағынды неге күз жолы?!
Күңгірттеу, күлгін аспанды күрсіне шолып:
«О, тәубе – дедің – ішпеймін!».
...Көрерміз оны.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter