Өлеңдер ✍️

  12.08.2022
  106


Автор: Болат Жетекбай

Үрей

Көңіл көзі көкірегіме үңілген,
Көрдің неге пәктігімді үгілген?
Өмір жайлы көп ойладым бүгін мен,
Өлім жайлы көп ойладым бүгін мен.
Тітіркенсем, тікенек-ой бүр атар,
Жапырағын жайса, қайтіп шыдатар?!
Арасынан анық танып өзімді,
Адамдарды аядым мен күнаһар.
Түсіндіріп бере алмайды еш ұғым,
Күнә кештік....
Бар ма, жоқ па кешірім?!
Шыңыраудай жанның терең түбінен
Шаңқ еткен бір шындығымнан шошыдым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу