file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  11.08.2022
  188


Автор: Мақпал Мыса

Мен сені жек көремін!

 


Мен сені жек көремін!


Өкпеледім,


Мен сені жек көремін.


Қашырмағын мазамды текке менің!


Із боп қалдың, алдымда даңғыл едің,


Күз боп қалдың, бір сәтте көктемедің...


Мен сені жек көремін!


Сағынамын,


Қайтейін сыйласаң да жаныма мұң.


Бұл беймәлім тағдырға бас имеймін,


Заңына бағынамын,


Сағынамын...


Сағынбаймын,


Өзің болдың тербетер әнім, қайғым...


Басылады қай күні ақ жаңбырым,


Ашылады екен-ау бағым қай күн?


Сағынбаймын...


Көктемдеймін,


Асу бермес сен үшін өткелдеймін.


Құрысын кектенбеймін!


Сағынбаймын,


Сағынамын,


Әй, бірақ жек көрмеймін...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу