file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  11.08.2022
  155


Автор: Мақпал Мыса

Жарығым-ай!

 


Жарығым-ай!


Бұл жалғанға сыя алмай,


Мен де жүрмін,


сен де жүрсің қия алмай.


Жапырақтар жылап жатыр жерде, әне,


Көздің жасын солқ-солқ етіп тыя алмай...


Қара түнде қалың ойлар,


қалың бақ,


Қалың мұңнан қалай жаным арылмақ?


Соңғы демін алғызып ап қар жатыр


Қара жерді ақ кебінмен арулап.


Уысыңда тұрмас дәйім


бұл уақыт,


Көктем келер жүректерде гүл атып.


Мезгілдерді шығарып сап біз тұрмыз,


Жылатып ап содан кейін жұбатып...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу