Өлеңдер ✍️

  11.08.2022
  76


Автор: Мақпал Мыса

Жалғыз тамшы

 


Жанарында жалт еткен жарты әлемнің


Өзіңменен үндестім пейіш күні.


Мен – сенің жаныңдағы жалқы өлеңмін,


Сен – менің жүрегімнің кеңістігі.


Тағдырдың тезіне сан тоңғанменен,


Жауратпас мендегі жан от жалыны.


Өмірің өзгешелеу болғанменен,


Өлеңің – жүрегімнің соққан үні.


Арайын алқа еткен көкте күннің,


Сағыныштан жаралған назды ұрлашы.


Мен – сенің көліңдегі көктеміңмін,


Сен – менің жанарымда жалғыз тамшы.


Тағдырдың түсі ме әлде өңі ме едің,


Дүние қолын бізге бұлғаған соң.


Мен әлемге сен болып көрінемін,


Сендік жүрек кеудемде тулаған соң.


Тамылжыр Бекзатым деп тілек таңда,


Аңызға да айналар біздің дүбір.


Кеудемізде айырбас жүрек барда,


Қысқа ешқашан болмайды біздің ғұмыр!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу