Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
10.08.2022
102
Арбакеш бала
Жоқшылықтан қамыт киіп алғасын,
Жадау иін жарлыңызға бар ма сын?
Қан базарда қара тер боп бір бала,
Сүйрелеп жүр арбасын.
Жүк іздейді жанталаса жүгіріп
Бұршақ-бұршақ маңдайдан тер үгіліп.
Сүйреп бара жатыр әне арбасын,
Аш күзендей бүгіліп...
Тағдыр оған тартпақ қандай тағы сын,
Кім болжаған сол пақырдың табысын...
Құламауға, жыламауға ол бекінген,
Қайрап алып намысын.
Қиялында сол баланың бар қанат,
Тірлік үшін күресу де нар талап.
Тағдыры артқан тау бейнетті сол бала,
Тауыспақшы арқалап!..
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter