Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  156


Автор: Азамат ОРЫНБАСАРОВ

ҚЫЛМЫСКЕР БЕЙТАНЫС ҚЫЗ

Бұрын-соңды көрмеген, сағынбаған,
Бұрын оған жыр-ошақ жағылмаған.
Жүрегімді ұрлады бейтаныс кыз,
Мен бүгін сотқа барып шағымданам.
Жүрегімді ұрладың, ұрысың дәл,
Ақылға сыймай тұр ғой бұл ісің сәл.
Өзіңді жат көретін, танымайтын,
Біреуде айтшы қандай жұмысың бар?
Білмеймін тұрағыңды есіміңді,
Қылмыс емес мынауын кешірімді.
Жүрегімді қайтар да ғайып боп кет,
Қайтадан қақпа тағдыр-есігімді.
Қайтарып бер, қайтейін бос аларып,
Уайымнан кетіп жүрер шаш ағарып.
Бөлімшеге барам да суреттеймін,
Іздетем фото рапорт жасап алып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу