Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
09.08.2022
101
Бойлаған тұла бойға нала күшті...
Бойлаған тұла бойға нала күшті,
Өкініш қарып өрттей барады ішті.
Әкенің жанарынан жас үзіліп,
Маңдайдан иіскеп, сүйді бала Әбішті.
Шығып тұр қош айтысып жиыла жұрт,
Таулар тұр мұнар жапқан күйі – ғаріп.
Аттанды қайран әке...
Туған жердің
Бір уыс топырағын түйіп алып.
Дүмпу бар жер мен көктің арасында,
Тағдыр-ай, мұң қайғыңа қарасын ба?
Сызығы көкжиектің көсіледі,
Сәбидің көздерінің шарасында.
Жазмыш айналдырар қинаса шыр,
Майданға әке кетті қимас асыл.
Таң атса, көкжиекке көп қарайды,
Елеңдеп қоңыр өңді, бұйра шаш ұл...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter