Өлеңдер ✍️
СӘТТІҒҮЛ МЕН СҮГІРДІҢ ЖҰМБАҚ АЙТЫСЫ
СӘТТІҒҰЛ:
Сәттіғұлдай ағаңнан,
Көп сәлем шайыр, Сүгірге...
Мен талай қосылдым дүбірге,
Болғаннан соң жақыным,
Інім, саған айтқан ақылым.
Мойныңды бұрып қошталып,
Ағаңа қарай үңілме.
Бұл айтқаның шын болса,
Ақылды сөздер бар ма дініңде.
Кәріп болған Әзәзіл
Машығам деп білімге,
Бүйте берме, шырағым,
Табарсың жөн түбінде.
Жаратқан Алла біледі,
Әз менен Әзіл бір еді,
Біреуге біреу қайбаттап
Сөйлеп шыққан құл еді.
Білгіш болсаң, шырағым-ай
Он сегіз мың ғаламда
Жекеленген әуелде кім еді?
Қайымнан болды ғой қан жеті
Бұл заманның сүрегі,
Яғуыз бенен Мәуізі
Бұлар кімнен дүрейді?
Атамыз Сапи Сахолла,
Көкке шығып келгенде,
Көлігінің мінген түсін айтшы?
Не түрлі інім іреңін.
Жиырма тоғыз әріпте
Не сөз еді-ау мына Сүгір «Мұң» деген
Білікті болсаң шырағым-ай,
Өз жаныңнан сөз айтып,
Осыларымды біл деген.
Біле алмасаң мұнымды,
Табарсың жан түбіңді.
СҮГІР:
Сонда Сүгір сөйлейді,
Жақсы айтасың, ағеке.
Он сегіз мың ғаламда,
Жаратқан құдай деп мақұлық.
Құлым десе о құдай,
Сарайлы періште салмаққа,
Сөздің төркін білем деп
Маған керек емес қабаттылық,
Ақырға дейін Адамды,
ІбІліс-Шайтан қу Мақұлық.
Абыл мен Қабыл екеуі
Әдір Анадан тумақты,
Жер дүниені бөлгенде
Алпыс үш екен Ылым бақ,
Оның несін шеш дейсің,
Дүниенің тұтқасын
Түрлетпеді тілім ақ.
Жай айтуға қалғанда
Орта емес шығар бүгінде,
Сіздің бақ пен біздің бақ.
Бүгін шеш деп таңдадың,
Он жеті ауыз бұл жұмбақ,
Орныңнан тоқып айтпасаң,
Ақ киімнің жолдары
Осы болды ма жұмбағың
Әжептәуір Сып-Сипақ.
Біреуге жазған сөзіңді
Маған тастап қиындап,
Бұ заманда, бүгінде
Сегіз Арыс Адайда
Керек емес, Сәтеке,
Жалғыз жыршы мен деген,
Артыңнан ерген ініңді,
Неғылғаның Ағеке,
Яғуыз менен Мәуізі
Бұл жаралған үш жүз еді,
Бұл қайдан шықты десеңіз
Ылғи шайтан азғырып
Адам-Ата ерлердің
ІІІаруасынан түсіп еді,
Бұл жас пайғамбар,
Өлмеді деген себебің,
Аяттың суын ішіп еді.
Бұны айтқан сөзіңе мол болар
Жәй аймағын көтерген,
Ұяңда құрық сол болар,
Бұл айтқаның, Сәтеке
Жұмбақ емес, шын болар,
Некелеген әуелде,
Сәорият пен Жәорият,
Осылай кілең қаулы айт,
Оны неге деп сұрасаң,
Бір қолымыз шаяндай,
Оның несін шеш дейсің
Көңіліңе анық айтарым,
Артық санап жүр едім,
Шариғаттан әр жерден
Шеш деп жұмбақ тіледің.
Яғуз мене Мәғуіз
Ол жаралып еді ғой, үш рет
Оны қайдан шықты десеңіз,
Адам Ата Пайғамбар,
Төсекте ұйықтап жатқанда,
Шаруасынан жерге түсіп ед.
Жас пайғамбар өлмеді деген себебі,
Аяттың суын ішіп еді.
Сегіз мың тіреу ғаршыда,
Тірісі көз тарт еді,
Бұны жалған десеңіз,
Жыланның суын ішірген.
Ішіне түскен іріңін,
Он екі аят күңменен,
Парасат қайта сүруге,
Адамнан Хайуан ысылған
Жыл болып айналып ұшар ма?
Жақын ағам жат болып,
Япырмай, ақырет осылай қысар ма?
Байқамаған адамға,
Жүк салдың ауыр балаға.
Білгің болса жолдай бер.
Құдайдан шығар тәуекел,
Айдап салып жүрген
Біреу бар шығар,
Жазығым жоқ еді Ағама.
СӘТТІҒҰЛ:
Қырықтан астым бүгінде,
Жасы кіші баласың.
Ағаңның тілін қарағым,
Енді қалайда аласың.
Сөйледім талай байрақта,
Сегіз Арыс аймақ Адайға
Мен талай алған жоқ па едім,
Сенен бұрын Атан мен Нар тайлақты.
Ал екінші саған бір сұрақ:
Жалбақа мен Жәйбақа.
Бұның сыңары қай жақта,
Замандас қатар құрбы едік.
Құрбы ішінде бұл дедің
Алатау мен Қаратал,
Білгіш болсаң бұл не еді?
Үйіріп жатқан құмдар бар-ау,
Жер бетінде қарасам.
Ол кімнен қалған Тұл қозың,
Яхолла мен Наеолла.
Әуелі не зат сызылмақ
Не себептен түрлетіп еді,
Ақ пенен қара қызылды.
Топанның суы тасқанда,
Нұхының қауымы қалай бұзылды?
Сусыз жатқан әупілдек
Оны суға кім жіберген.
СҮГІР:
Келе салып Аға, кішіге,
Екінші сөзді тағы айттың
Жалбақа мен Жәйбақа,
Болған дейді жыршы Аға,
Жан көрмейді дейді қарасын.
Мекендеген Мәлік ит дейді
Аспан мен жердің арасын.
Адамдарды тулаған,
Қолдарын жәйіп шулаған.
Күмбездері бар дейді,
Оқ затпенен улаған
Үстінен байлап қаққан жоқ,
Астынан ағаш тіреп қаққан жоқ.
Ол Мәлік иттің өлігі дейді кідіріп.
Осы сөзіңді шеше алмай,
Талай-талай жыршылар,
Қалған ғой сенен мүдіріп.
Екінші сөзің, Ақын аға,
Қаратал деген дария,
Топанның суы тасқанда,
Әркімге болған жәрия,
Бір жерлерді ой етіп,
Әзіре Нұхының уақытында,
Жер тәңірің мұқтаж етіп,
Төмен қарап аққан бұрылып,
Қожашының ауылында,
Борқай деген аралға,
Құйды дейді бұрылып.
Қараталдың қасында
Сонда қалды дейді ғой жырылып.
Су ішінде жатқан Әупілдек
Оның несін сұрайсың,
Қанша жасың үлкен болғанмен
Жеңілесің Ағеке,
Айтысам депсің менімен,
Айтысам деген өзіңсің.
Бұл айтқанға шамданба,
Мұңал түгіл Жаулы едің.
Ағайын тума ауыл едің,
Парасат етіп қараңыз.
Жолда емес Адай жерінде,
Өкпе менен баыр едім.
Халыққа айтыс керек болғасын
Жұмбақ айтты деген соң,
Ақылға сенсең, Ағеке,
Саламнан мың ғаламға
Ырзық берген Алла-ақ,
Бұл дүниенің жүзінде,
Үлес алып еді әркім де,
Осыны шешсе Сүгірің,
Тамтығы қалай сарқылмақ.
Жалғыздың саны, арты ұзақ
Рахиға Әлпену қай буын.
Мен Мағуын, ол не зат?
Осы жұмбақ шешілсе,
Сонда келер сөздің құлпына.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter