Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  99


Автор: Гүлайым Дәуітбаева

ЖАЛҒАНДЫҚ ЖАЙЛЫ ЖЫР

Мен де әркез үрей де, үміт те бар.
Арман да бар.
Бақытым бар, сорым бар алдан табар.
Тірі болып тұрсам да, тіршілікте
Мәңгілік атаулыға алданбағам!
Өмір деген ...
Биіктік пе?
Ол күйрейді быт – шыт боп мүжілуден.
Ал енді,тынбады ма?
Өмір осы ...Жалғасса бір үміттер
Бірі айналып уақыт құрбанына
Жоқ боп кетіп жатады үзілумен.
Біз – көрермен келіп-кетер
Жәй ғана қызығумен.
Сонда, досым, біз дегенің
Мұрат етіп өмір бойы іздегенің
Алдамшы , екен баяны жоқЖо-жоқ!
Мен өмірге жау емеспін.
Дегенмен де, жауабы жоқ
Мен бастаған осы бір дау-егестің.
М о й ы н д а й м ы н ,
Өмір- ару, ал бірақ
Опасыздық жағы басым .
Сондықтан сен қалжырап
Шындықты іздеп сабыласың.
Таптың ба сен Әділдікті,
Адалдықты , Мәңгілікті...
Олар аз ғой, жоқ тіпті.
Басым мең-зең,
жан-дүнием
жаңғырықты!
Міне, өмірдің алалығы
Тұрағы жоқ,
Жауабы жоқ, бәрібір сұрағы көп .
Адамшылық дегенім – аз, санаулы.
Итаршы боп жүгіргем Әділдікке
Осы сәтте «күркіреп Күн»
Ескерткендей «бүлікті» бастамауды.
Сен, досым, жерден іздеп Әділдік атаулыны
Алжыдың ба?
Балап жүрме біздерді әңгүдікке,
Ал шынында...
Әділдік - ол болмыстың өзінде жоқ ,
(Мұның сыры - Хаққа аян, жан біліп пе?).
Ал, әйтпесе...
Тұрар еді-ау тіршілік
М Ә Ң Г І Л І К К Е !!!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу