file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  175


Автор: Бесінбай Бегеніш

Армысың, замандастарым.

Көргенбіз соғыс ылаңын,
Жазылған оған дастаным.
Өксігін айтып қаламын
Кездессе замандастарым!
Сол кездегі жетімдер,
Жетпісті жүрміз жетелеп,
Бәріне шүкір етіңдер
Қаншамыз кетті ертерек?
Жыртылған киім иықта,
Жәйім жоқ оған өкпелер.
Тірелдік талай тұйыққа
Жоқ – жетік «тесік өкпелер».
Атқа міндік дегенмен,
Жайдақ еді атымыз.
Ағытып қозы көгеннен
Аяқта жара қатып із.
Ерсіз ат талай жауырып
Шыбындар қонған ызыңдап.
Көн тақа құйрық ауырып
Жабысқан киім тызылдап...
Таңбағып түскен жаралар,
Ауырып удай ашыған
Өмір – қамшы сабалар
Жастық шақ талай жасыған.
Осының бәрін өткізген,
Айтамын замандастарға,
Сәлемім сізге жеткізген
Сендермен амандасқанда!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу