file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  159


Автор: Бесінбай Бегеніш

Жүдетпе

Дала деген – көңілдің еркіндігі,
Аяла да қызықта көркін енді.
Ешкімнен қымтырылып қысылмастан
Сол далада шынайы еркін күлкі.
Басыңды да даңғаза қатырмайды,
Естисің тек батылдық, батыр жәйлі.
Береді шұбат, қымыз керек болса
Бірақта ішімдігің сатылмайды!
Даламның ұлы болып әкем өскен,
Келін боп сол далада шешем түскен.
Мен туып айдалада киіз үйде
Ырыммен бесін кезі кіндік кескен!
Қосылам дала нұрын үдеткенге,
Барамын қару алып күзетке де,
Қажетпе керегін де жазам дайын
Бүлдіріп сол даланы жүдеккенге!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу