file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  172


Автор: Бесінбай Бегеніш

Арал – Обь

Таласқандар қол салғанда алқымға,
Тақсірет пен қасіретті әкелетін алтында?!
Мүгедек боп, мүгедек қып маңайын
Тыңда зарын. Арал жатыр артыңда!
Бүлкілдеген көмейлерде нелер жатты айтылмай,
Қанша ойлар жана алмаған жарқылдай...
Барын сорса қомағайлық күш жеткен
Енді қайтсін? Арал сорлы тартылмай?
Су атасы Сүлеймен – ау? Тыңда мені өзенім,
Қуаң тартқан даланың да өртемеші өзегін.
Мен сеземін, бәрі енді, өз елің! Тыңда!
Назардың сал кезегін!?
Селбеуі тиер кей кезде салиқалы ойдың да,
Кемшілігі аз емес ұлан – асар тойдың да.
Ойрандай салған сан ожау
Аралды да жойдың ба?
Шөл мен селдің жалғап жатсың арасын,
Қуат күштен тумас саған таласым,
Мұзы су боп жатқан сонау Сібірге
Су арқалап сенде соған барасың?
Болсын десең тепе-теңдік жарасым,
Мына жәйдің өзің түсін арасын.
Ілестіріп барлық суды өзіңмен
Тасқыныңмен келтірерсің тобасын?..
Түстік жатыр игере алмай қапылып,
Құрлық кезді мұздардағы мақұлық.
Құмға сүйреп кемелерін аралда
Қол жаяды суды өзіне шақырып?
Арнаң асып маңайыңды селдейсің,
Кетіресің берекесін, көлбейсің.
Кеңезесі кеуіп қалған аралға
Бұрылып неге келмейсің?
Ілесіп саған Тобыл мен Ертіс, Есілім,
Шығыпты содан қуатты өзен есімің!
Шалғай емес жетіқара , шалқарға
Бұрыла кетсең несі мін?
Обь өзенім ересен көп күшің де!
Шөлді ойласам көрем сені түсімде!
Азияны ойлап өзің кейін ақ –
Тыңда! Саула! Түсінде!
Шөл мен селдің жалғағанда есебін,
Көгертесің қанша жердің кешенін.
Қара артыңа! Кейін қарай аға алсаң
Көгереді көсегім. Алғыс айтар неше мың!
Су атасы Сүлеймен! Ортақ елге жаралдың,
Тамшы, шықпен нөсерлерден нәр алдың .
Әлем бүгін алаңдаған тілекпен
Сен шешсің, жағдайын тек Аралдың!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу