Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
09.08.2022
108
Сұраусыз кетіп барады.
Айтылмай іште кезеніп,
Мазалап ойлар тербеген.
Неміске мылтық кезедік
Жүз шайысып көрмеген.
Өздері тауып ілікті,
Орысқа неміс ұрынған.
Шығарып солай бүлікті
Басқалар босқа қырылған...
Отан үшін деген кез,
Қалмаған ақын жырынан.
Ортада өлер деген сөз
Бар екен ғой бұрыннан...
Қорыққан үрей пішінде,
Күдіктер сансыз қамады,
Әкемде соның ішінде
Сұраусыз кетіп барады...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter