file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  196


Автор: Бесінбай Бегеніш

Түтін.

Пенде шіркін не көрмеген жалғанда,
Тым жоғары қазіргі бір талғамда.
Еске алатын кеткен шалдар мұңайып
Анау үйден түтін шықпай қалғанда?..
Қанша жанар бір ошаққа қараған,
От лауласа құдіретке санаған.
Түндігінен түтін шықса көкке өрлеп
Тіршілігің белгі болып тараған.
Көрдік шетін осыларды айтқан бар,
Жоқшылықтың тауқыметін тартқандар.
Мезгілінде ашылмаса түндігі –
Дейтін еді осындайдан сақтаңдар!?
Түтін салып будақтаса көкпенен,
Ауа бұзып бүлдірдің деп сөкпегем.
От жағылып түтін шықса аулақта
Сол маңайдың тіршілігі деп білем.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу