file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  141


Автор: Бесінбай Бегеніш

Жырларым менің осындай

Тасымай қалса бұлқынады екен өзенде,
Көлгөсір төккен көктемді сауған кезеңде.
Шабыты ақын шалқардай аққан жата алмас
Тұлпардан әлде тұғырлар озған кезең бе?
Ақынның жыры елестетер тау суын,
Дейсің – ау кеуде күмбірлеп тұрған тау шыңын.
Тыңдалып жырлар, мерейің қанып іше алсаң
Сезіне білсең үйірген тілді балшырын.
Бұлқынсам жырлар ағыл да, тегіл төгілген,
Шамырқансам нөсер жыр жауар көңілден.
Шабан ат мініп аламан топқа қосылман
Қамшылап қойып өкшемен кеуде тебінген!
Тобыңа мен де салдырмай қамшы ұмтылсам,
Қазығым дала, азығым талмар бір жусан.
Тыңдайды маңай өзінің сазын өздері
Жырларды мен ақыным деп егер сен тусаң!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу