file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  210


Автор: Бесінбай Бегеніш

Бірінші байлық

Бірінші байлық денсаулық деп қақсаған,
Жасымда маған батасын берген Жақсы Адам,
Өмірден соны ұстанып келем әлі де
Жерім жоқ одан кем соғып әзір ақсаған.
Денсаулық болды құрмет тұтқан байлығым,
Жетер – жетпес еңбекпен тапқан айлығым.
Жеткіншегім желісін тартса еңбекке
Сүйеді Алла өзіне ұнар сай құлын...
Желіде құлын, аз болар қозы көгенде,
Шайлық сүт ұстап, көкөніс аздап егемде,
Арғы атаң бай атағы шыққан халқына
Мәз болып қалам Қожаназар дегенге!
Бай болу бізге болмасын әсте кезекпен,
Есепте тек реті келіп сөз еткен.
Сұрасаң тегім қайырымды аталар
Бас ием соған құрмет тұтып ізетпен!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу