file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  445


Автор: Бесінбай Бегеніш

Дәрігер әжем

Өзі білген осы ауылдың тіршілігін , тынысын,
Күнделікті жұмысым деп есептейді мұнысын.
Балтыр сыздап, сырқыраса тізе де
Барып жатыр елеместен түн ішін...
Кейде өзі мазаланып әбігерге түседі,
Тамағын да мезгілсіз кеш ішеді,
Салқын тисін, тұмау, сүзек бәрінде
Емін айтар түйілсе де ішегің!
Ұйқы бермей сырқырасын тістерің,
Ас тұрмай судай кетсін іштерің,
Білмеймін деп айта алмайды бірінде
Шешіледі емді қалай істерің!
«Анализ» деп түспегенбіз сергелдең,
Сергитінбіз дидарын бір көргеннен,
Ұшықтайды, ем-дом жасап жазады
Хабары жоқ. Алымхорлық теңгеңнен.
«Вызв» деген келіп жатыр жан-жақтан,
Қайда барсын имандылық аңдатқан,
Ыңыранса науқаспенен қосылып
Жаны жүдеп өзі бірге толғатқан.
Бәріне ортақ, айтатын тең жобасын,
Сағынасың әжелердің мейірімді бағасын.
Аймалайтын мейірбике, дәрігердей
Енді қазір қай ауылдан табасың?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу