Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
09.08.2022
114

Жаңа жыл
Жаңа жыл жайдарлы келдің бе?
Жарқылдап төріме ендің бе?
Ел басын сайлаған сеніммен
Қуаныш шегі жоқ елдің де!
Зор үміт артамыз саған да,
Ортақсың оған да, маған ад,
Жанарда күлкі ойнап нұрланып
Тыныштық болсын тек қоғамда.
Тыныштық елімнің тірегі –
Осыны тілейді баршаның жүрегі,
Татулық бостандық дегенге
Құрыштай жұптасқан білегі.
Биіктет елімнің мерейін,
Басқадан әлсізбін демеймін,
Жаңа құт, жақсы леп барлығын
Өзіңнен несібем терейін!
Жаңа жыл жақсылық өзіңде,
Қуат бер жаңа күш сенімге,
«Алға» тек ұмтылған айқын жол
Қолдаймыз ел басын сөзін де!
Жасасын жаңа жыл! Азатпыз!
Еңбекте, білімде азатпыз!
Ал бүгін әлемдік алаңда –
Танылған баршаға Қазақпыз!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇