file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  114


Автор: Бесінбай Бегеніш

Дауыл алдындағы бұлқыныс.

Қасымда теңіз!
Тепсімей беті мұз жаттың,
Кеудемде нала
Жүректі ызғар сыздаттың
Шағала анау
Шарықтай алмай биікке
Мұңдарын тыңдап гүл – бақтың?!
Түнерген күн де
Теңізге төгіп нұрларын,
Қиясы күңгірт
Таулардың көрдім тұрғанын?
Тамсанып қарап
Сабама талай түсе алмай
Жаңылған сазды ырғағым.
Ашулы теңіз
Көбігін шашып толқынның,
Жағаға барсам
Соларды көріп толқыдым,
Тыныстап кейде
Демдерін тартып ішіне
Дауылмен тынар артының!
Аспанда бұлт
Қимайды неге жауынын,
Жанарын жарқын
Көреміз қашан тауымның,
Осылардың бәрін
Армандап ылғи жүргенде
Күткендей едік дауылын!
Бірте- бірте
Тамызық маздап от алды,
Жан-жаққа шарпып
Өршісе жалын қаталды,
Бұлқыныс іште
Сырттағы леп екпіні
Дауылға қарай бет алды...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу