file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  144


Автор: Бесінбай Бегеніш

Сүйретпе суы – тәбәрік

Ер азығы жолда деген ұғым бар,
Қияндарға жол тартқанды ұғыңдар,
Ақсексеуіл қапырықты шөлінде
Тәбәріктей таза мөд\лдір суың бар.
Маңайында бір түп шиде өспеген,
Шұбырынды талай өткен көшпенен,
Қолтығында жер ананың мөлдір су
Ішеріңде сүйретесін меспенен...
Аңыздағы Зәмзәм суың осында,
Астау жасап қалдырыпты тасын да,
Тобырсыған бей-жай көңіл жайланып
Ішеріңде тәубә етесің асылға!
Керек емес айырың мен доғалақ,
Өзің барып әкелесің жағалап,
Шыңыраудай құдық емес қарасаң
Таза суды қалай қойған қамалап?
Тәбәріктей қалған екен кейінге,
Сол баяғы жатыр мөлдір күйінде,
Кеткендерге дұға оқы да қанып іш
Тағзым етіп құдіретке иілде!
Жаппар ием жаратқанға сүйінде!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу