Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  100


Автор: Бесінбай Бегеніш

Аңызды толы арқасап...

Аңызды толы арқасап,
Жеткіздің бізге аманат.
Талмаған жолда ер қанат,
Сияқты маған қазатан.
Доңашаң жатыр қасыңда,
Ормандай қалың жынысты.
Томашаң дайын осында
Кемпір-шалға тынысты.
Өскінбай жырлап өтіпті,
Бізден бұрын кеткенде,
Ереулік жасап кетіпті
Шалдықбай саған жеткенде.
Шөлдеген аңсап жететін,
Қандырып сеннен мейірін
Жапқандай көлге кезектер,
Айдалған жылқы үйірің.
Асқақтаған айбарлы
Бесоқты атты суымсың,
Келгендер елге жайдарлы
Кірлетпей көңіл жуынсын.
Маңыннан орын теуіпті
Сен үшін қанын төккендер
Сәлем саған , Бес-оқты
Хорезімге өткен жер.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу