Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
09.08.2022
132

ТОБЫРСЫП ҚАЛҒАН ШӨЛДЕП ЖАТҚАН ЕСЕМДЕР
Бес бөгет пенен Белесем
Тасесем мен Көкесем
Әжім шалып бетіңді
Мұңайып жатсың неге сен?
Көкесем қырда аталған,
Қалмаған Талақ қатардан,
Арманы болдың талайдың
«Бұйырсын деп татар дәм!?»
Айта алмай әлде сыр бүктің?
Келбетің құрғап сұрғылт тым,
Әсері ме апырмау
Жауа алмай өткен сұр бұлттың?
Тамбаған көктен тамшы мұң,
Айтқызса егер ал шыным
Құрғақшылық – қыртыстар
Таңбасындай қамшының...
Ізіндей жатыр жосылып,
Көңілсіз – қырсау тосылып.
Табиғат неткен қатулы
Қатыгездік, қосылып?
Баяғы мөлдір есемдер.
Айдыны – әсем, көсем жер.
Тарихта орын бар
Жәдігерміз десеңдер!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇