Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
09.08.2022
120

Бір кездерде құландарға жазықсыз қан төккізген...
Бір кездерде құландарға жазықсыз қан төккізген,
Ауыз ашып айта алмадық күй тілінде жеткізгем,
Киелілер мекенінің киелісін жоймай-ақ
Ей, пенделер! Жүрейікші текті ізбен!
Киелілер жайлап жатса мекенімді киелі,
Олар әсте тұрақтайтын тыныштықты сүйеді.
Бәріненде – он сегіз мың бір қауыздың ішінде
Туыстықтың тыныштық қой тиегі...
Тыныштықты бұзба жанымқарғыс алып қағынған,
Жақсы дөңес түбі терең құмарлыққа салынған.
Қызғаныш пен құмарлықтың кесәпаты емес пе
Аралыңда құрбандыққа шалынған.
Қарайтындар барлығына осыларға байыппен,
Ақылдаспай сырт айналып жыға келген тойып кең
Алаң оймен кейінгіге қарайтыным сондықтан
Жақсарғай деп алақанды жайып мен?!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇