file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  154


Автор: Бесінбай Бегеніш

О ДҮНИЕГЕ ЖЕТКЕН ЗАУАЛ

( Табиғат қорғаушыларға хат)
Эй, кейінгі ұрпақтар!
Тұқымын жойып тайдырдың.
Қырдағы киік
Судағы суын айғырдың?
Кендірлідегі қабан менен қасқалдақ
Ала барысы қайда тайғырдың?
«Жабайы ұшқан» құзыңдағы бүркітті,
Қашан?
Кім шошытып үркітті?
Дуадақ қонған боз төбе
Болар деп жұтап кім күтті?
Пай, пай!
Бәрін де жойып жай қылдың?
Ен даланы жыра менен сай қылдың.
Кесіртке кезіп,
Бауырын жылан жайлаған
Мұңайып Үстірт қайғырдың!
Шәуілдек түлкі,
Төсіңде құзғын қаптаған.
Далам – ай!
Жел қуырып қақтаған,
Тапқанын үйіп ініне
Шиқылдап тышқан
Жортуыл салған, ақтабан!
Қарамая. Маната!
Арқарын таудан қараса,
Тұратын - ды,
Сыпыра шыңға жараса!?
Асқақтай алмай айбарлы
Көңілің орта,
Шыңдарың қырат аласа?!
Жататын-ды
Ой толқыны астан кестен көңілде,
Неге мұнша мән бермеген мырзалар мен бегіңде!
Табиғат па?
Жазылуға қажет болса шынында
«Қызыл кітап»? ә?! Жоқ!!!
«Сот кітабын» шығарудан шегін бе!
Шындық үшін ,
Шыбыртқылап бұрып нақ,
Ұстамасаң қылмыскерді
Бұғалықтап, құрықтап,
Ұрпағыңа көрсетуге
Қырандардың қылығын
Ақырында
Қиналасың тұқымдары құрып қап!?
Бұл жалғанда салып жүрген ойраншы,
Кезек – дүние,
Ойлан жаным, ойланшы!
Архивтерді
Аудармасын арттағылар ақтарып,
Өмір – деген өтіп жатқан жалғаншы!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу