Өлеңдер ✍️
МАҚТАНЫШЫМ – МАҢҒЫСТАУ
Асан Қайғы тақапты жерге бауырын ,
Жақындатып көліктің жәйлі сауырын
Үщ рет кетіп , үш рет қайта келгенде
Естіген дейді мұнайлы газдың дауылын .
Білген ғой сонда мол байлық ұйып жатқанын ,
"Жараспас , - депті –сауырға жерді артқаным ,
Желмаямен жеті жыл үзбей кезгенде
Тояттап көңіл , ауғанға қарай тартқаным . . . "
Естідім мен бабалар соны айтқанын ,
Тыңдадым күйін Қорқыт пен Абыл таратқанын,
Көргенім рас жаһанға бүгін жар салып ,
Мұнайлы өлкем төсіне айдар таққанын
Өмірде сансыз "оңай" олжа жымысқы ,
Көрсете алмай жарқыратып,паналайтын қуысты.
Қойнауыңа жүйіткіген қара дарияң
Ынтазар етті батысты да , шығысты да ...
Кеудемді керіп , тереңнен алсам тынысты ,
Табатынсың аралас жарқын-туысты ,
Ағылшын , Қытай , Жапон ба , тіпті басқалар
Сен үшін олар ортақ тіл тауып ұғысты ...
Әкелді тіпті долларын бүгін қалталап ,
Шалқайсаң өзің, келетін түр бар арқалап ,
Жутаңдап көзді , тамсантып көпті қараттың ,
Кім көнер оған ,қойсаң да енді арқалап ?
Алпауыттардың қоздыртып талай егесін ,
Танылып Ақтау айдынға салды кемесін ,
"Жарылқа!" деп дәметіп сенен қол жайса ,
Қалайша көпті сөгесің ?!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter