file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  107


Автор: Бесінбай Бегеніш

Ауыл жырлары.

Тегіміз бір көшпендіміз далалық,
Өтті, кезең көшіп жүріп балалық,
Ағайынның аты озғанша бәйгеден
Ауылдастың тайы озғанын қаладық.
Жырғып айтар барып келсе қалаға,
Отыратын жетпейді, деп далаға.
Сол ауылдың әңгімешіл қарттарын,
Ұқсатамын ақыл қосар данаға.
Келгендерді жатсынбай-ақ жататын,
Күн нұры да ортақ бізге ататын.
Қауқылдасып, мауқын басып тұрғандай
Қиялмастан күн де зорға бататын.
Сағынасың балдай тәтті бірлігін,
Сағынасың хош иісті қыр гүлін
Түстей болған елестетсек ал қазір,
Сұрау белгі иіліп тұр бүгін?..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу