Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
09.08.2022
138
Ожабай – Тамды
Бізден бұрын өтті талай егескен
Әлділері әлсіздерін жеп өскен .
Ожабайдан жалтақ-жалтақ өтеміз
Үрейі алған, мазалаған елестен?
Неше жылдар өтіп жатыр арада,
Білмедім мен, Тіпті Дүйімқара ма?
Жекпе – жекте кегін алып жауынан
Қолын байлап тірі көмген молаға?
Қонағына қуып жетіп түйілген,
Қазақ жауын күтіп алып иілген.
Бәтуаға келе алмаған қуғыншы,
Өзі жаққан отқа түсіп күйілген...
Қастандықпен желім құйып қынапқа,
Қара ниет жеңіс бермей бірақ та!
Күбірлейді сол бір тұстан өтерде
«Өмір бахи қалдым – ау – деп ұятқа!?»
Көк бөрі ме, көк теке ме көлденең,
Жолаушының жолын қиып бермеген,
Ожырайған Ожабайдың маңында
Қысастықтың ала туы өлмеген?...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter