Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  231


Автор: Бесінбай Бегеніш

Сағыныш сезімі.

Бекдұрды Ишан қасында,
Қызылқұммен қызығым.
Жастық шақ қалса осында
Сен жатсын ұрлап қызығын.
Жалаң аяқ ізімнің,
Бейнесі құмда қалмаған.
Қиялшыл,ұшқыр сезімім,
Толқындар жұтып, талмаған.
Балықты жүрген жағада,
Қажатып ауға шықты.
Кеткен бе бәрі қалаға
Қайығын, ауын жиыпты.
Ой жүгіртіп өткеннен
Балалық балғын шағымның,
Есейіп әсте кеткенмен
Сол кезді енді сағындым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу