file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  08.08.2022
  137


Автор: Бесінбай Бегеніш

КӨҢІЛІМДЕГІ ЕСКЕРТКІШ

Шыңыраудан алатынбыз төгіп-шашпай қауғалап,
Су табылса , олжалаған керілдескен дауға да – ақ..
Тіршіліктің нағыз көзі – су екенін түсініп,
Құдық қазса, құттықтаған алыс-жақын қаумалап.
Шыңнан қашып қиналмаған қаза білген тереңін,
Шөлдетпеген , дайын еткен қай жерден де керегін.
Шыңыраудан-шыңырауға жақындасам, әйкелде
Малта тастан соққан бейне – Бейнеубайды көремін.
Алып тұлға, алпамсадай батыр мүсін ойымда,
Иығында сүймені бар , қайла қашау қолында.
Соғысады, алысады шыңыраудың түбінде,
Оның жауы жатыр, әне, тай терілік долында.
Кесер басын тығып тастап ұйма балшық – долыға,
Көзін тігіп қарай қапты кербез дөңнің жонына.
Жұдырығын түйіп еді, су тамшылай жөнелді
Мүйіз болып қатып қалған алақаны , қолы да.
Батыр тұлға бағындырған жалаң төстеу мүсінде
Шөл даланы исіндірген кейінгі ұрпақ үшін де.
Мәйкі етіп кие салған дөнен серке терісін,
Кей сәтінде оралады, қалғып кетсем түсімде.
Бәсекесін жасырмаған қашап қазып тереңнен,
Тиобарсынған еріндерге сусын тартып берем мен.
Уәдесін орындаған «Тас астаулы көл» жасап,
Түнде жортқан жыртқыштар да тебінге аунап, кенелген.
Мұра болсын ұрпақ үшін шегең , әйкел қашаулы,
Сауап үшін қалдырыпты тастан астау жасауды.
Ұлы дарын – Әбіш жазған Еңсеп осы – Бейнеубай,
Ескерткіш боп көңілімде бағындырған асауды!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу