Өлеңдер ✍️

  08.08.2022
  298


Автор: Бесінбай Бегеніш

АТ БӘЙГЕСІ

Жүздеген жүйрік жөңкіліп бара жатқанда
Ұқсайды далам «Сарыарқа» сазын тартқанға.
Жаяу да болса жанкүйерлер шауып жүр,
Шапалақ ұрып қапталға...
Көресің тіпті қызынып,тәртіп бұзғанды,
Созылған мойын бір-бірінен қызғанды.
Оқшау тұрған атбегілер тек қана
Кейінде қалған атын көріп сызданды.
Қайсысы алда? Кейін қалды – ау көк қасқа ,
Ызақор бала сілтеді-ау қамшы қақ басқа.
Манадан бері шыдамы кеткен кәрия
Тебінді өзі мініп ап кеп ақ тасқа.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу