Өлеңдер ✍️

  08.08.2022
  222


Автор: Бесінбай Бегеніш

ӨМІР – КҮРЕС ДЕГЕНМЕН...

Өмір деген – пенде еркін жүзер көл емес,
Кездеседі алдыңда жеткізбейтін бір белес,
«Өмір – күрес» дегенді айтқандар бар бұрында
Күрескенде жеңетін енді қалған сен емес!
Шаттық кернеп бойыңды , қуанып кейде қаласың,
Күт артынан бірақ та өмірдің ащы наласын.
Өмір деген – адамға аз ғана күн алданыш,
Қарсы алуға дайын бол жақсы – жаман , жаласын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу