Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
08.08.2022
134
Домбыра
Қолында күйшілердің күмбірлеген,
Домбыра, қасиетіңді кім білмеген?
Ұққанға, түсінгенге қадіріңді –
Емессің сен жай ағаш күңгірлеген.
Қос шегің бебеу қағып кеткеніңде,
Домбыра, әсем күйді төккеніңде;
Елітіп, тыңдаушының бойы балқып,
Ұмытар қанша уақыт өткенін де.
Күмбірлеп, көмейден күй құлатасың,
Домбыра, түйдек-түйдек жыр атасың.
Ойнақы ырғақпенен жадыратып,
Ызалы, ащы зармен жылатасың...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter