file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  02.08.2022
  136


Автор: Бесінбай Бегеніш

«ҚАНАТТЫ ҚАРА»

Қонақ келсе үйіне әкелер асын көлігі ең,
Базарына Үйшіктің насыбай үшін желіп ең.
Салыстырып қарасам, қазіргі жүйрік «мерседес»
Демедім одан сені кем...
Қожаназар бабама сабақтас боп жатасың ,
Ат туралы айтылса , табақтан дәм татасын,
Желдей ескен жүйріктің қатарына қосылып
Тұрғыздың тәйке сақасын...
Ие болған жылқыға сырыңды білген Есберді,
Қылқұйрықтың жайымен ерте кетіп кеш келді.
Қасиет, кие барлығы өзіңмен сырлас екенін,
Сол Есберді ескерді...
Кісінеген дауысың «күндік жерден кеп» депті
Естігенде үйірің ауылдан ұзап кетпепті.
Осы күнгі білгіштер қашықтығын өлшесе
Ешбір дауыс жетпепті...
Жататын едің жайғасып Қасар судың сағасын,
Өз үйірің тек қана толтырды қымыз сабасын,
Күншілдеу күшік шәуілдеп үріп жатса қызғанып,
Қоздырдың көздің аласын...
Бәсекеге түскенде жеңісті алған Қарасың,
Тоқсанға тарта торы байтал аяқтың кіл аласын.
Оқырынып, кісінеп, шақырыпсың өзіңе,
Үйірден кеп санасын...
Жортып келе жатқанда азығын жерден жейді екен,
Желіп келе жатқанда қанат бітер дейді екен,
Ал шабысқа жіберсең,үстіндегі адамға,
Су шайқалмас күйме екен...
Бабам айтқан шынында Қанатың бар Қарасың,
Сонша шалғай жерлердің жақын еттің арасын.
Басқа дәулет бір бөлек,соларменен теңескен,
Жалғыз өзің-дарасың!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу