Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
01.08.2022
151
ДҮМШЕ БАСТЫҚ
Біреулердің көзге шұқып «жастығын»,
Біреулердің «пәлен тойда мастығын»
Жіпке тізіп, сөгіс беріп жазбаша,
Зіркілдеп тұр торсық қарын бастығым.
Жұмыс жайлы қаралмады мәселе,
Қозғалмады жаңа әдіс, тәсіл де.
«Запчасть тап!» деп бұйырды біреуге
Өзі мініп жүретұғын мәшінге.
Ұрысты ол әркімдерге тепсініп,
Бірақ оны қолдамады көпшілік.
Жиылыс бітіп, өзі қалды столда,
Шөлде өскен сексеуілдей сексиіп.
Көп біздерде дүмше бастық кәсіпқой,
Әркімге де бұйырмыс қой, нәсіп қой.
Бабаларым айтып кеткен есті сөз:
«Бай болсаң да, көпшіліктен бәсік бол!».
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter