Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
01.08.2022
121
ТЕҢІЗ СЫРЫ
Жағама кеп, талай мұңлық өксіген,
Суым кермек – көздің жасы көп сіңген.
Сондықтан да толқындарым ашулы,
Бұлқан-талқан көбік шашып, тепсінген.
Ұлутаспен көмкерілген жағама
Сән береді аққу менен шағала.
Маған келсең, мұң-шеріңді қозғама,
Сұлу көрініс, сылқымдықты аяла!
Бұл жағаға кімдер келіп-кетпеді?!
Жасыл құрақ қанша қурап, көктеді.
Жалым биік, сырым терең, тұңғиық,
Мөлдірімді ешкім шайқап, төкпейді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter