Өлеңдер ✍️

  26.07.2022
  127


Автор: Қабиболла Сыдиықұлы

Арам тамақ ащы терін төкпейді...

Арам тамақ ащы терін төкпейді,
Жұмақты тек көксейді.
Себебі оны ары соттап, сөкпейді,
Уақыт өзі тегешінде екшейді.
Адалдықтың ақ жүзіне кір жағып,
Қулық, сұмдық мың құбылып сырғиды.
Еңбек емес, ебіменен ырза ғып,
Атақ, даңққа шыққысы кеп ырғиды.
Жағымпаз жүр
Жусаннан да жатаған боп жорғалап,
Жүзі сәтте миллион рет құбылып.
Тандайынан жылтыр сөздер сорғалап,
Бірді даттап, бірді мақтап, жүгініп.
Теңім сол деп жалқаулық тек жатпайды,
Шермендейді қызғанышқа жүкті боп.
Ер еңбекті ебін тауып даттайды,
Ол да өзінше михнатшыл мықты боп.
Зымиянның көре алмайсың жүрегін,
Көре алмайсың анықтап.
Талайлардың тапжылтпайтын реңін,
Бас иесің Әділет деген алыпқа.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу