Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
26.07.2022
198
АЛМАС ҚЫЛЫШ
Ер Махамбет! Өмірі аз-ақ өткен,
Қырық екі жасында қаза жеткен.
Бас кетсе де беріспей қасарысып,
Ерлігімен мұндарды мазақ еткен.
Махамбетке капыда қаза жеткен,
Алтын сөзін халқына жаза кеткен!
Тұтас ғасыр өтсе де тот баспаған
Меруерттей жырлары таза неткен?!
Асыл ерді сұм заман мазақ еткен,
Қу тағдырдың тартыс пен азабы өткен.
Жалын атып, жауына жай түсірген,
Махамбеттен қай ақын қазақ өткен?!
Махамбеттен қай батыр қазақ өткен?!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter