Өлеңдер ✍️

  26.07.2022
  120


Автор: Қабиболла Сыдиықұлы

ДОМБЫРА

Ай-хай, шіркін, домбыра,
Күмбірлеп бір сыңғыра.
Көңілімнің бағына
Бұлбұл құсты қондыра!
Ай-хай, шіркін, домбыра,
Күмбірлеп бір сыңғыра.
Шаттығымды шалқытып,
Шабытымды оң бұра!
Ай-хай, шіркін, домбыра,
Күмбірлеп бір сыңғыра.
Ғасырлардың сырласы –
Шежіремсің сұңғыла!
Ай-хай, шіркін, домбыра,
Күмбірлеп бір сыңғыра.
Кездесе алмай қалармыз
Дәурен өтсе соңыра!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу